Текст
27.02.2024
“Ұлттық сенім телефоны” тақырыбында 9 “А” сыныбында сынып сағаты өтті. Сынып жетекші: Болатова Гулим Бахытовна
23.02.2024
Мектебімізде ұлттық киімді насихаттау, дәріптеуге негізделген бір күн “Ұлттық киім үлгісіндегі күн”
19.02.2024
Павлодар қаласында өткен республикалық турнир бес татамиде өтті, оған 17 облыстан барлығы 600-ден астам спортшы қатысты!
Еленовка ауылының ЖОББМ 10 “А” сынып оқушысы Ескен Ұлан 3 орын иеленді.
15.02.2024
15 ақпан 2024 жылы Еленовка ауылының ЖОББМ Алғашқы әскери дайындықты оқыту мен жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие жылдық жоспары бойынша Кеңес әскерлерінің Ауған елінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, Ауған соғысына қатынасушы жауынгер-интернационал Тургунбеков Сағындық Елубайұлы арнайы шақырылып, 8,9,10,11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Дайындалған іс-шаралар екі бөлімнен жасалды. І - бөлімде Ауған соғысы туралы презентация қойылды, құттықтау рәсімі өткізілді. ІІ - бөлімде автоматты бөлшектеу және құрастыру, қолды жазып бүгу, денені жатып көтеру, биік белтемірге тартылу номинация бойынша әскери-патриоттық сайыс өткізілді. АӘТД ұйымдастырушы-оқытушысы Акубаев С.Т.
14.02.2024
"Досболlike" айлығы негізінде "Достың да досы бар" атты пікірталас өткізілді. Өткізген: Тарих пәнінің мұғалімі Избасаров А.Ж.
13.02.2024
"Досболlike" айлығы негізінде "Шығармашылық ынтымақтастық" көңілді сурет сайысы өткізілді.
13.02.2024
"Мың бала" республикалық зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Мағжан оқулары" конкурсына 4 "А" сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды және дипломдармен марапатталды.
1 орын - Жакай Аружан
2 орын - Сайран Айғаным, Куланбаева Жұлдызай, Ермекбай Әлисұлтан марапатталды!
Сынып жетекшісі Мағаз Мейрам алғыс хатпен марапатталды!
12.02.2024
8 “Ә” сынып оқушысы Қажымұрат Дамир Қорғанбек Аманжоловтың 70 жасқа толуына орай “Зеренді тұлғасының туындыларынан үзінді” атты онлайн аудандық байқауына белсене қатысып, ІІ-дәрежелі дипломымен марапатталды.
12.02.2024
Ағылшын тілі пәнінің онкүндігіне орай "In the English world" тақырыбында оқушылар мен мұғалімдер арасында викторина өткізілді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Таженова Ж.Б., Токтарова Д.Х.
12.02.2024
Ағылшын тілі пәнінің онкүндігінің ашылуына орай оқушылар арасында караоке өткізілді